30
ноябрь
2021
«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы
Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, мектебінің кітапхана қорын әр саладағы көркем әдебиеттермен толықтыру, оқырмандарға қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, оқырмандарға рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатымен «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы басталды. Акцияға алғашқы болып кітаптарын сыйлаған мектеп психологы Л.Қ. Шарипова, Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Е.К. Кажияхметов, жас маман Г. Т. Бейсебекова белсенділік танытып, өзідерінің оқыған кітаптарын сыйға тартты. «Кітап- білім бұлағы» демекші, кітап оқыған адамның әрдайым рухани байлығы, дүниетанымы кеңейіп, ішкі дүниесі тазаратынын білеміз.
Кітапханашы М.Б. Мукашева