02
март
2022
Алғыс айту
1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында мектебімізде 1-11сыныптар арасында, шағын орталығын қоса алғанда тәрбие сағаттары өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы,
ризашылық, рахмет, алғыс, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушылар бір-біріне, ұстаздарына, ата- аналарына
алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.