16
ноябрь
2021
Онкүндік салауат
N177 бұйрық негізінде "Салауат " пән бірлестігінің онкүндігі ашылды.Онкүндіктің мақсаты: Дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек, АӘД пәндері мұғалімдерінің шығармашылық ізденісін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасу. Міндеттері: 1. Салауатты өмір салты мамандарының ерекше құрылымдығы және мазмұнды оқыту-үйрету процесін зерттеу. 2.Жас ұрпақтың бойында қиялдау, елестету, табиғат құбылыстарын бақылай білу қабілеттерін дамыта отыра, шығармашылыққа баулу. Ашылу барысында мектеп директоры Г.М.Нурлыбекова сөз алып ұстаздар мен оқушыларды құттықтады. Бірлестік жетекшісі Ж.С.Абугалиева онкүндік жоспарымен таныстырды. Ашылу барысында мұғалімдер мен оқушылар арасында"Жылдам,биік,мықты" жарысы өткізілді. Жарыс барысында 3 команда қатысып, "Жасұлан" тобы жеңіске жетіп 1-орын алды