15
февраль
2023
«Қыз қылығымен...»
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын, -демекші, мектебімізде «Қыз қылығымен...» тақырыбында мектеп психологы Л.Қ. Шарипованың ұйымдастыруымен және мектеп кітапханашысы М.Б.Мукашеваның жүргізуімен ток-шоу өткізілді.
Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Эксперт қонақтар ретінде мектеп медбикесі Г.Ахметова, мәдениет үйінің қызметкері Байбосынова Халида, І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану мұражайының директоры Құмарова Ардақ, ата-аналар комитетінің төрағасы Мұқашева Лаззат, директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Р.Жексенбекова және сынып жетекшілері шақырылды.
Ток шоуға 8 «А» сынып оқушысы Жексенбек Жансая, 8 «Ә» сынып оқушысы Жұбай Айгүл, 9 «А» сынып оқушысы Кәкім Гүлжайна, 10 «А» сынып оқушысы Кәкім Нұрай, 10 «Ә» сынып оқушысы Мұқият Іңкәр,11 «Ә» сынып оқушысы Жеңісбек Нұршуақ қатысты.


