Хабарландыру!!! » "Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

16
март
2023

Хабарландыру!!!

Хабарландыру!


Құрметті ата-аналар! « Мамания орта мектебі,МДШО » коммуналдық мемлекеттік

мекемесі 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы бұйрығының 2 бөлімі «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау тәртібі », 9-2) бөлімшесіне сәйкес, бастауыш білімінің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1-сәуірінен бастап 1- тамызына дейін сіздің балаңыздың құжаттарын «электрондық үкімет» egov.kz веб-порталы арқылы бере аласыз. Мектепте сізге құжаттарды беруге көмек көрсетеді немесе өзіне-өзі қызмет көрсету үстелі арқылы мұны өзіңіз жүзеге асыра аласыз. Өзімен бірге электронды-цифрлық қолтаңба болуы қажет. Құжаттарды тапсыру медициналық құжаттарсыз рұқсат етіледі, оларды сіз оқу жылы басталар алдында кейінірек бере аласыз.


1-сыныпқа қабылдайтын құжаттар тізімі:

1. Ата-аналардың өтініші ( немесе оларды алмастыратын тұлғалар)

2. «Бала денсаулығы паспорты» 026/у -3 нысаны бойынша денсаулық

жағдайы туралы құжат

3. 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат

4. 3х4 көлеміндегі 2 фото


Назар аударыңыздар!


Барлық құжаттардың тек қана жақсы оқылатын

көшірмелерін жүктеу қажет. Дұрыс емес (оқылмайтын)

құжаттарды салған жағдайда сіздің өтінішіңіз

мақұлданбайды. Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш

мақұлданбаған жағдайда, өтініш беруші өтінімді қайтадан

бере алады. Егер мектепке қабылдауға өтінім берілсе және

өтініш қарастыруда болса, өтініш қайтадан беру мүмкіндігі

болмайды. Мектепке қабылдау туралы жауапты алған

жағдайда, мектепке құжаттардын түпнұсқаларын ұсыну

қажет.Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін

(ұялы телефон нөмері,электрондық пошта) көрсету қажет.

Көрсетілген электрондық пошта мен телефон номеріне

ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі.

Мекен-жайымыз: Ақсу ауылы Айсеркенов көшесі №13

Мына телефон номірлеріне хабарласыңыздар: 8 (72832)24150