01
сентябрь
2022
1 қыркүйек-Білім күні
"1 қыркүйек-Білім күніне" орай "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиынның арнайы қонақтары Ақсу аудандық "Аманат" партиясының филиалының төрағасының бірінші орынбасары - Даулетбекова Кулайхан Турсынбековна, Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы- Раимкулов И.А., ауыл ақсақалы, ардагер атамыз - Абдуалиев Темірғали, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. 1-сыныпқа аттаған жас бүлдіршіндер өздерінің өлең жолдары мен тақпақтарын айтты. Мектеп оқушылары келген қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлап, әннен, биден шашу шашты. Келген ата-аналар мектеп ұжымына өз ризашылықтарын білдірді. 








