13
сентябрь
2022
"Үш тұғырлы тіл - уақыт талабы"
"Дарын" пән бірлестігінің ұйымдастыруымен мектебімізде "Үш тұғырлы тіл - уақыт талабы" атты тілдер мерекесіне орай әдеби-сазды фестиваль кеші өтті. Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту және де өзге тілге қызығушылықты ояту. Фестивальді ағылшын тілі пәні мұғалімдері: Г.Исахова, Г.Бейсебекова, А.Жексенбек үш тілде жүргізді. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, әннен, биден шашу шашты. Және де тілді дәріптеу мақсатында кеш соңында сұрақ - жауап сайысы өтіп, өз мәресіне жетті. 




