11
апрель
2022
ҰБТ-ға дайындық барысында психологиялық қолдау







Оқушыларды ҰБТ-ға дайындық барысында психологиялық қолдау жұмыстарының тиімді ұйымдастырылуы маңызды. Сол бағытта мектеп психологы 11.04.2022 жылы "Сенім менің серігім" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты оқушылардың сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу, танымдық қабілеттерін арттыру. Тренинг барысындағы өткізілген жаттығулар арқылы стреске қарсы шығу, жауапкершілік, ауызбіршілік, ынтымақ, өзара құрмет сияқты қасиеттерді дамытуға ықпал етілді. Тренинг соңында оқушылар бір-біріне деген ыстық лебіздерін білдіріп, жақсы тілектерін жеткізді.