«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ!» » "Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

11
сентябрь
2019

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ!»

              «Мамания орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік                                          мекемесінде өткізілген 1 қыркүйек- Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ!» атты салтанатты жиын

  1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиынға арнайы дайындықтар жасалып, мектептің іші –мен сырты безендірілді. Оқушылар мен сынып жетекшілер сапқа тұрғызылып,алғашқы қоңырау мерекесіне шақырылған қонақтар орналастырылды. Салтанатты жиынның қонақтары: Ақсу ауданының әкімі Базарханов Е.С., Ақсу аудандық білім бөлімінің басшысы Рамазанов Б.С., белгілі меценат ,Ақсу ауданының тумасы «Мамания» орта мектебінің түлегі, Алматы облысының Құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері  Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы, Ақсу ауылының әкімі Байжуманов С. 

   Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы кіргізіліп, ҚР гимні орындалды. Жүргізушілер:Алпысбаева Б,Нурланбеков И.  қазақ тілінде жүргізді. Салтанатты жиын  Нұрланбеков Илиястың орындауындағы «Қазақтай ел қайда?» ән шашуымен басталды.1 қыркүйек -Білім күнін салтанатты түрде ашу үшін құттықтау сөз мектеп директоры А.М. Қазбанбетов сөзінде оқу жылының басталуымен оқушыларды, ұстаздарды және салтанатты жиынға жиналған қонақтарды құттықтап,  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысқан демеушілерге ,сонымен қатар,  Мамания орта мектебінің жылыту жүйесімен, терезе, шатырын бастан- аяқ жаңалап берген белгілі меценат, Ақсу ауданының тумасы, «Мамания» орта мектебінің түлегі, Алматы облысының Құрметті азаматы Нұрбаев Молдияр Қылшықұлына ата-аналар мен ұжым атынан алғысын білдірді.

        Келесі сөз кезегін Ақсу ауданының әкімі Е.С.Базарханов  алып, 1-қыркүйек Білім күнімен ұстаздарды, оқушыларды құттықтап, жылы лебізін білдіріп, толағай табыстармен мықты денсаулық тіледі.Сонымен қоса, Белгілі меценат, Ақсу ауданының тумасы «Мамания» орта мектебінің түлегі Алматы облысының Құрметті азаматы Нұрбаев Молдияр Қылшықұлына өз рахметін білдіріп «Жомарт жүрек» төс белгісін тағып, Алғыс хатымен марапаттады.

         Келесі сөз кезегін М.Қ.Нұрбаев алды, өз сөзінде ұстаздармен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектеп директоры  А.М.Қазбанетовқа, директордың оқу –ісі жөніндегі орынбасары М.Е.Мусинаға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Р.Д. Жексембековаға  табыстады.

          Мектеппен үнемі тығыз байланыста жүретін, әрқашан көмек қолын созатын, ата-аналар комитетінің мүшесі Құмарова Ардақ Нұртайқызына сөз берілді. Алғашқы қоңырау мерекесімен баршамызды құттықтап, мектебімізге жасалып жатқан игі бастамалардың демеушісі Нұрбай Молдияр Қылшықұлына ата-аналар атынан алғысын білдіріп, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі. 

        1 сынып оқушылары үшін  1 қыркүйек –Білім күні- өте ерекше күн. Мектеп табалдырығын аттап, білім мен ғылым үйретер ордаға аяқ басты. Бүлдіршіндеріміз өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдірді. 

8сынып оқушылары Зейнулла Сұлтан мен Шагаев Алтай  «Жаса Қазақстан» әнін орындап, қонақтардың ілтипатына бөленді.

          Биылғы алғашқы қоңырау соғу құрметі 1 «а» сынып оқушысы Мақсатұлы Асанға, 1 «б» сынып оқушысы Бақытжанқызы Аяулымға, және   11 сынып оқушылары Оқай Гүлзат пен Дукенов Айдарға берілді.

11 сынып оқушысы Кеңесбек Оралбек «Қазақстан» әнін орындап мерекеміздің сәнін келтірді.

1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынға 242 оқушы, 36 мұғалім, 40 ата-ана қатысты.