Тіл мерекесі » "Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

22
сентябрь
2021

Тіл мерекесі

22.09.21ж.
Мектеп кітапханасында  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.

Похожие публикации:

03 ноябрь 2021 Төтенше жағдай
25 сентябрь 2021 Отбасы күні