Инклюзивті білім беру » "Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

10
январь
2024

Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру- дамуында сәл  ерекшеліктері  бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.  Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. 
     Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру,  өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймыз.
Осы орайда мектебіміздің педагогикалық ұжымымен 
"Инклюзивті білім беру деген не?" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында педагог-психолог Л.Шарипова, педагог-логопед Б.Садвакас, дефектолог Т.Жақсыбаевалар ЕББҚ оқушылармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін атай
отырып, пән мұғалімдеріне ҚМЖ құру бойынша кеңестермен бөлісті. Бейнеролик ұсынылып, өзара пікір алмасты.