Мектеп тарихы » Страница 3 » "Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

10
май
2017

Мектеп тарихы

Тарихы терең білім ордасы –Мамания орта мектебі

Татар жұртының «Медресе Мұхаммадия» (Қазан), «Медресе Ғалия» (Уфа), «Медресе Хұсайыния», (Троицк) сияқты оқу орындарының үлгісінде қазақ даласындағы ұлттық ағартушылық ордасы болған Жетісу жеріндегі «Медресе Мамания» - Маман және оның ұрпақтарының есімдерінің өшпестік көрсеткіші, сөнбестік кепілі. Жетісу өңіріндегі алғашқы ұлттық дүниетанымдық оқу орны болған бұл білім ұясының ерекшелігі – заман талабына сай қажетті кезеңде бой көтеріп, қарапайым халықтың мектебі болғандығы. Бұл мектептің тарихы тереңде жатыр. Ол тарихты дәулетіне даңқы сай, жерлес ақын Сара апамыз айтқанындай, Құт Маман әулетінен бөліп-жарып тану мүмкін емес. Өйткені мектепті салған Маман әулетінің ұрпақтары болса, Маман ұрпақтарының атақ-абыройын асқақтатқан «Мамания» мектебі еді.
Матайдың Қаптағай руының белді адамы Маман Қалқабайұлы қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында (1810-1901) өмір сүрген. ХІХ ғасырда Жетісу өлкесінде ірі байлардың бірі болып, 1868 жылы Қапал уезінен ең алғаш рет Меккеге барып қажы атанып қайтқан жіне бірнеше жыл Қапал уезі болыстары мен билерінің төбе биі болған.
Маман төрт әйел алған. Бірінші әйелінен: Тұрысбек, Бейісбек, Ырысбек, Сейітбаттал, екінші әйелінен: Оңғарбек, үшінші әйелінен: Есенғұл деген балалары болған. 78 жасында үйленген төртінші әйелінен бала жоқ. Маманның балаларының ішіндегі ірі бай болғандары- Тұрысбек қажы, Сейітбаттал қажы және қарашаңырақ иесі- Есенғұл қажы еді. Айналмалы саудамен айналысқан Маман ұрпақтары Ақсу өңірінің оңтүстік жағындағы Сүттіген деген жерге жаңа үлгідегі қыстаудың іргетасын қалайды. Омбыдан көк қаңылтыр, Семейден қызыл кірпіш, Өскеменнен қарағай әкеліп, 5-6 бөлмелі төбесі көк қаңылтырмен жабылған ағаш үйлер салып, оның төңірегіне жеміс ағаштарын, терек, тал, қарағаштар отырғызады. Бұл жер кішігірім қалашыққа айналып, «Қарағаш» деп аталады.
Маманның өсиеті бойынша балалары өз қаражаттарына мектеп, мешіт салуға кіріседі. Сөйтіп, 1899 жылы осы жерден үш кластық діни мектеп ашылады.
1902 жылы Маман ұрпақтары Уфадағы «Ғалия» медресесінің құрылыс жобасы, оқу жоспары және ішкі тәртіп ережелерімен танысады.
1904 жылы бұл үш кластық мектеп кеңейтіліп, ол төрт кластық етіп қайта құрылады. 1905 жылы мектеп үйін кеңейтіп, оқу ауқымына өзгеріс енгізеді. Мектепті 4 кластық сатыға көтеріп, «төте» оқыту жүйесін қолданады, діни сабақпен қатар дүниәуи пәндерді үйретуге талпынады. 1906 жылы Маман балалары Қарағашта Уфа каласындағы «Ғалияның» үлгісімен медресе үйін салуға кіріседі. 1907 жылы ағаштан қиып салынған мешіт, 1909 жылы кызыл кірпіштен қаланған медресе құрылысы аяқталып, тұсаукесер тойы жасалып, әке аруағын қастерлеген балалар мектептің атын «Мамания» деп қояды. Мектеп жанынан интернат ашылып, онда кедей – кепшіктің балаларын ақысыз оқытқан оқу ордасы 1909 жылы 8 кластық дәрежеге жетеді. Бұл мектепте 11 пән оқытылады: ана тілі (оқу, жазу), есеп, жағрапия, зоология, табиғат тану, Ислам діні тарихы, Құран, татар тарихы, орыс тілі, хадис (Пайғамбарлар өсиеті). Мектепте оқу қыркүйектің 1- де басталып, мамыр айының 15 – де аяқталатын. Оқу жылы аяғында өткізілетін емтиханның қорытындысы салтанатты мәжіліс түрінде өткізіліп, емтихан тапсырған оқушыларға өрнектеліп, типографияда басылған: афарин (бестік), имтияз (төрттік), мақбул (үштік) емтихан куәліктері тапсырылған. Маман балалары мектептің іргетасын қаласа, базасын нығайтып, барлық шығынды өз қалталарынан төлеп отырса (1913-1915 жылдары шәкірттер саны 200, Түркия, Қазан, Уфа, Семей, Орынбор, т.б. жерлерден 4-5 жылға келісім -шартпен келген мұғалімдер 16-17 болған), мектептің алғашқы мұғалімдері Ғабдулғазиз Мұсағалиұлы, Мұстақым Малдыбайұлы, Файзырахман Жиһандарұлы, Фатима және Мұхаметқали Ескендірлер мектепті дамытуға зор үлес қосқан айнасы еді. Сол кездерде «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне Маман ұрпақтары туралы 20 шақты мақала жарияланып, мектептің дамуына ықпал етті.
Қазақ рухына қорған болудың және бір керемет өнегелі дәстүрі тағы да Маман есімімен тікелей байланысты. 1913 жылы сонау шалғайдағы Орынборда шығатын «Қазақ» газеті бетіне Есенғұл Мамановтың қазақ тілінде жазылған романға 200 сом бәйге тіккені туралы хабар жарияланады. Бәйгенің бүгінге жеткен ескерткіші – С. Торайғыровтың «Кім жазықты?» романы. Маман балалары қазақ мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан. Мәселен, шет қалаларда оқып жүрген қазақ студенттеріне ақшалай жәрдем ұйымдастырып, Қазақстанда шығатын газеттерге көмек берген. «Мамания» мектебінің рухани ірге тасын қалаушылары: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Сералин мектеп туралы жақсы лебіздерін білдіріп, мектептің іргетасының берік болуына зор үлес қосты.
Жетісу өңіріндегі алғашқы мектеп – «Мамания» білім ошағының халық өміріндегі рөлін насихаттауда үлкен еңбек сіңірген Маман ұрпақтарының бірі, осы мектептің түлегі, Алматыда алғаш ашылған Қазақ педагогикалық иститутының тұңғыш бітірушілерінің бірі- Ыбырайым Есенғұлұлы Маманов. Артында қаншама ғылым докторын, профессорлар мен академиктер қалдырған, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ғалым- ұстаз Ыбырайым Маманов қазақ тіл білімнің мәселелеріне байланысты тынбай еңбектене жүріп, «Мамания» мектебінде дәріс берген мұғалімдердің тізімін нақтылап және мектептің макетін жасатқан екен.
Жетісу өңіріндегі алғашқы мектептен қаншама мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және мәдениет салаларында кеңінен танымал болған тұлғалар, сөз зергерлері шықты. Б. Сүлеев, І.Жансүгіров, Ж. Сыдықов, Т. Мәдіғожин, О.Жұмабеков, Ж. Қалиұлы, К. Қазыбаев, Д. Бекежанов,
Ы. Маманұлы, Т. Есімжанов, Қ. Бұғыбаева, С. Қалиұлы, Е. Бейсенбеков, Т. Сұлтанбеков, М. Арынов, И. Сүлейменов, К. Оразбекова, А. Есенқұлұлы т.б. тұлғалар-біздің мақтанышымыз.
Мектептің басшысы қызметін Мұсағалиев Ғабдолғазиз атамыздан бастап Б. Қорғанбаев, К. Карабалина, Б. Айсеркенов, Е. Орысбаев ,
А. Андабаев, С. Артықбекова сынды 17 білікті басшы еңбек еткені белгілі.
Киелі білім ордасында ұзақ жылдар еңбек еткен ұлағатты ұстаздар қаншама! Бұл мектептің тарихын бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Мамания мектебі туралы 100 жылдық мерей тойында көптеген мақалалар мен «Мамания» кітабынің жарық көргенін көзі қарақты оқырман қауымы жақсы біледі. Мамания мектебінің іргетасы қаланғанына 120 жыл болса, жаңа ғимаратқа көшкеніне 54 жыл, жарты ғасыр уақыт.
Осы уақыттар бойы бұл білім ордасы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде, жалпы Қазақстандағы білім беру саласының дамуына өзіндік үлес қосып келеді.
Бүгінгі таңда мектепте 35 мұғалім, 17кіші қызметкер, 10 шағын орталық қызметкерлері еңбек етсе, шағын орталықта 75 бала болса, мектепалды даярлық тобында 25 бала, 15 сынып комплектісінде 232 оқушы білім алуда. Мектеп ұжымының мақсаты жалпыға бірдей міндетті оқумен қамти отырып, жақты дамыған, терең біліммен қаруланған, өзгермелі заманда алған білімдерін өмірде пайдалана білетін тұлға тәрбиелеу, оқушы үшін жағдай жасау.
Осы орайда жылына екі рет жалпыға бірдей міндетті оқу айлығы ұйымдастырылады. Оқу жылы «Мектепке жол» акциясымен басталып, «Қайырымдылық» акциясына ұласады. Ауыл әкімшілігіне, мекеме басшыларына мектеп әкімшілігі тарапынан үндеу хат жолданады. Биылғы оқу жылында 52 оқушының тұрмыстық жағдайына зерделеу актісі толтырылды. Көп балалы, әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға мектеп ұжымы, мекеме басшылары тарапынан, міндетті оқу қоры есебінен көмек берілді. Мемлекет тарапынан оқушыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Міндетті оқу қоры қаражатының мөлшері жыл сайын өсуде. Бұл әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға үлкен қолдау.
«Ауылда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» демекші, ауыл үлкендері ақсақалдар алқасының төрағасы, зейнеткер ұстаздар мен
ақ жаулықты әжелердің ақ тілектері ұстаздар мерейін асқақтата түседі.
Ауданның ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен жасөспірімдер және камелетке толмағандар инспекциясымен, ауылымыздағы І. Жансүгіров атындағы тарихи өлкетану мұражайымен, ауылдық ауруханамен, жалпы жұртшылықпен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде сабаққа тартылмаған, ауданда есепте тұрған оқушы жоқ.
Мектептегі жұмыстарға ата-аналар белсене қатысады, мерекелік шараларға балаларына түрлі киім тігіп, тәрбие жұмысын дамытуға өз үлестерін қосып келеді.
Жалпы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда, мектептің ауласын көгалдандыруда, мектеп дәлізі мен кабинет безендіруде ұжымның еңбегі ерен десем артық айтпас едім.
Мектептің қоршауы толығымен жөнделіп 1 жылдың ішінде 1-2 қабат дәліздерін, Ыбырай Алтынсарин бұрышын, мұғалімдер бөлмесін, барлық 15 пән кабинетін жаңа заман талабына сай безендіріп, стенділерді ауыстырдық.
Акт залында подиум жасап, мектеп ауласын гүлдендіруді қолға алдық. Мектеп буфетін біраз жабдықтармен толықтырдық.
Әр оқушының мектепке асыға келіп қуанып қайтқанын қалаймыз. Өйткені болашақ- жас ұрпақтың қолында, сондықтанда біз барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқушылардың міндетті білім алуларына жағдай жасаймыз. Оқушылар да мектептің дамуына өз үлестерін қосуда.
Оқушылар арасында КҒА-ның ғылыми практикалық конференцияда, «Дарын» ғылыми жоба жарысында, түрлі байқаулар мен оқуларға олимпиадаларда ат салыса отырып, жетістіктерге жетіп келеді. Күні кеше өткен конференцияға 7 оқушы қатысып 3-і І- орын, 3-і ІІ, 1-і ІІІ- орынға ие болды.пән олимпиядадан 25 оқушы қатысып, 9 жүлделі орынды иеленді. 1орын-1 ,2 орын- 4, 3орын- 4 оқушы иеленді. «Жарқын болашақ» олимпиадасына 5 оқушы қатысып 2 оқушы 3-орынды иеленді . Мұғалімдерде кәсіби байқауларға да белсене атсалысады, аудандық «Жаңа әлемдегі жаңашыл үлгі» байқауына география пәнінің мұғалімі С.Т.Ермолдаева қатысып бас жүлдені жеңіп алса, «Үздік педагог» байқауынан жүлделі 3- орынды иеленді. «Жыл мұғалімі -2016» байқауына қатысқан бастауыш мұғалімі А.С.Дайрабаева жүлделі 2 орынға ие болса, «Үздік сынып жетекші » байқауында бас жүлдені жеңіп алды.«Бастауыш сынып мұғалімі» байқауына Г.Т.Естібаева алғыс хатпен марапатталды.Мектеп психологы Л.Қ.Шарипова «Үздік психолог» сырттай байқауына қатысып 1- орын ,мектеп кітапханашісі М.Б.Мұқашева «Үздік кітапханшы» аудандық байқауына қатысып 2- орын иеленді. Обылыстық «Педагогикалық идеялар фестиваліне» география пәнінің мұғалімі С.Т.Ермолдаева қатысып алғыс хатпен марапатталды. Деңгейлік курс бітірген мұғалімдердің байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ө.Қасымбекова қатысып 1- дәрежелі дипломмен марапатталды.Аудан көлемінде ұйымдастырылған «Жас маман -2016» байқауында Жумадил Бубихан 3- орынды иеленсе,Матай ауылындағы Б.Сырттанов атындағы орта мектебінде өткен аудан көлеміндегі «Үздік Ауыл мектебі -2016» байқауында мектеп үжымы «Ұлттық салт- дәстүрді дәріптеуші» номинациясына ие болды .«Бастауыш сынып мұғалімі-2017» байқауына А.А.Каримова 3- орын иеленді. «Үздік педагог -2017» байқауына орыс тілі пәніні ңмұғалімі Р.Ж.Мухамедиева қатысып алғыс хатпен марапатталды. «Үздік жыл мұғалімі -2017» байқауына ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.Б.Бауыржанов қатысып алғыс хатпен марапатталды. «Үздік сынып жетекші -2017» байқауына орыс тідлі пәнінің мұғалімі Б.М.Қрықбаева қатысып алғыс хатпен мараптталды.
2015-2016 және 2016-2017 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері
1.Бауыржанов Темірлан 10 сынып оқушысы Оқу Гранты 1- ші Республикалық олимпияда «Матеметикалық жаратылыстану бағыты бойынша ең үздік көрсеткіш дипломымен » марапатталды. Шет тілі аудандық шығарма байқауынан 2-орын ,математика пән олимпиядасынан 3- орынға ие болды.
2.Асамұратова Мадина 10 сынып оқушысы Оқу Гранты 1- ші Республикалық олимпияда «Матеметикалық жаратылыстану бағыты бойынша ең үздік көрсеткіш дипломымен » марапатталды.орыс тілі шығарма байқауынан 1- орын иеленді.
3.Темірғали Алтынай 9 сынып оқушысы Аудандық қазақ тілі шығарма байқауы 2-орын, «Жарқын болашақ» 1- орын, «Әнші бұлбұлдар» номинациясы, «Жас ғалымдар » номинациясына ,аудандық Абай Шәкарім оқуларынан 3- орынға ие болды.
4.Зейнулла Сұлтан 4 сынып оқушысы облыстық Зерде ден 3- орын , аудандық Зердеден 1-орын иеленді.
5.Жангелдіұлы Абайбек 9 сынып оқушысы аудандық Абай Шәкарім оқуларынан алғыс хат.
6.Ерғалиев Бекзат 9 сынып оқушысы орыс тілі пән олимпиядасынан 2- орын,аудандық Дарын жобасынан 2-орынды иеленді.
7.Жексенбек Айнұр 10 оқушысы география пән олимпиядасынан 1- орын алды.
8.Асқарова Аяжан 10 оқушысы биология пән олимпиядасынан 2-орын , Дарын жобасыннан 2- орынға ие болды.
9.Қайыпбек Бауыржан мен Буыржанов Темірлан Республикалық «ziat», «Ғылым Шарайнасы» атты ғылыми жұмыстар сайысында 2- орын жеңіп алды.
10.Алибек Іңкар 8 сынып оқушысы аудандық КҒА- дан 1- орын ие болды.
11.Төлегенова Ақбота 10 сынып оқушысы аудандық Дарын жобасынан 3- орын алды.
12.Кеңесбек Жанель 9 сынып оқушысы аудандық тарих пән олимпиядасынан 2- орын, аудандық Дарыннан 2- орын,Аудандық КҒА- дан 1-орын ,облыстық КҒА –дан 3-орын ие болды. Аудандық тарих пән олимпиядасынан 3-орын иеленді.
13.Кеңесбек Оралбек 8- сынып оқушысы информатика пән олимпиядасынан 1-орынды иеленді.
14.Ерғалиев Бекзат 10 сынып оқушысы аудандық информатика пән олимпиядадан 2- орынды иеленді.
15.Кулияс Марал 9 сынып оқушысы физика пән олимпияласынан 3- орын иеленды.
16.Қанағат Алматы 8- сынып оқушысы математика пән олимпиядасынан 3-орынға ие болды.Мұсабай Перизат 8 сынып оқушысы химия пән олимпиядасынан 3- орын иеленды.
17.Абылқасым Рамина 2 сынып оқушысы аудандық Зердеден 3- орын
18.Темірғали Жәдігер2 сынып оқушысы аудандық Зердеден 3- орын
19.Абылқасым Карина 10 сынып оқушысы аудандық «Ілияс» оқуларынан алғыс хатпен марапатталды.
20.Абылқасым Зарина 6 сынып оқушысы аудандық «Абай-Шәкарім» оқуларынан 3- орынға ие болады
21.Тілектес Мейіржан 11сынып оқушысы аудандық «Абай-Шәкарім» оқуларынан 2- орынға ие болады
22.Нұрлыбек қызы Ақжан 8 сынып оқушысы оры тілі пән олимпиядасынан 2- орын иеленды.
Өйткені әр оқушы тамыры тереңде жатқан Мамания сияқты қасиетті білім ордасының шәкірті болғанын мақтан тұтады деп ойлаймын.
Маман ұрпақтары мен мектеп түлектерінің арасындағы байланыс әлі үзілген жоқ, ол байланыс жалғасын таба бермек. Биылғы оқу жылында Маман әулетінің ұрпағы Медет Еженұлы Маманов мектебімізге келіп, оқушылармен, ұстаздар қауымымен кездесті. Батыс медицина ғылымының докторы оқушыларға дұрыс тамақтану арқылы денсаулық сақтау туралы әңгіме өткізіп, мектепке кітаптар мен дискілер табыстап, көмек көрсетіп кетті. Алматыдан Сая Ыбырайымқызы Маманова да мектеп жағдайымен үнемі танысып, әпкелік көмегін аяған емес.
Қаншама дана да дарынды тұлғалар тәрбиелеп шығарған, белгілі адамдар басқарған мектепке басшылық ету үлкен жауапкершілікті қажет ететіні белгілі.
Ендігі басты мақсатым мектептің жан-жақты дамытуға, оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына жағдай туғызу, мұғалімдердің кәсіби өсулеріне ықпал ету, мектептің материалдық-техникалық базасын арттыру. Ынтымағы жарасқан ұжым, қолдау көрсетер зиялы қауым, ақыл айтар асыл қазына – қарттар барда барлық мақсаттар жүзеге асады деп сенемін.