18
апрель
2022
«ҰБТ-ға психологиялық дайындық»






Емтиханға дайындық кезеңі түлектер үшін оңай емес және көптеген уайымдаулармен, шиеленіспен және стресс жағдайларымен байланысты. Сондықтан да бұл кезеңде ҰБТ-ға мектеп оқушыларын психологиялық дайындау дайындықтың маңызды факторларының бірі болып табылады. Тиімді әдістердің бірі – «ҰБТ-ға психологиялық дайындық» тренингі. Онда оқушыларды релаксация және өзін-өзі қолдау техникасына үйретуге, өздерінің эмоционалдық жағдайларын басқару әдістерімен таныстыруға, емтиханға дайындық үдерісін құрастыруға, өзіне деген сенімділікті арттыруға араналған жаттығулар жүргізіледі. Сондай тренингтің бірінде бүгінгі күні мектеп психологы Шарипова Ляйла Қадырмұратқызы "Автопортрет", "Кір жуғыш машина", "Қалпақ" "сияқты жаттығуларды өткізіп, оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сергуіне ықпал етті.