«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы » "Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

30
ноябрь
2021

«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы


«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы
Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. 
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, мектебінің кітапхана қорын әр саладағы көркем әдебиеттермен толықтыру, оқырмандарға қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, оқырмандарға рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатымен «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы басталды. Акцияға алғашқы болып кітаптарын сыйлаған мектеп психологы Л.Қ. Шарипова, Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Е.К. Кажияхметов, жас маман Г. Т. Бейсебекова  белсенділік танытып, өзідерінің оқыған кітаптарын  сыйға тартты. «Кітап- білім бұлағы» демекші, кітап оқыған адамның әрдайым рухани байлығы, дүниетанымы кеңейіп, ішкі дүниесі тазаратынын білеміз.
Кітапханашы М.Б. Мукашева

Похожие публикации:

25 ноябрь 2021 Өткізілген сабақ
22 сентябрь 2021 Тіл мерекесі
25 сентябрь 2021 Отбасы күні